Бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Нәбиден Маратұлы мен Жұмакүл Тасболатқызы №267 орта мектебінде өткен  «Балалардың репродуктивті тәрбиесін ерте жастан қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысына спикер ретінде қатысты.

Іс-шара барысында филиал психологы Жұмакүл Тасболатқызы қатысушыларға жас ерекшелік психологиясы туралы тренинг өткізіп, репродуктивті тәрбие бойынша арнайы практикалық жаттығулар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.