«Баланың бөтені жоқ»
Бала тәрбиесі – ата-ана мен білім беру ұйымының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. «Баланың бөтені жоқ» қағидасы осы ортақ міндетті сезінуден басталады.
Осы ұстанымды негізге ала отырып, «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ақниет-Айым» жекеменшік балабақшасының тәрбиешілеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында ата-ана мен тәрбиеші арасындағы өзара түсіністік, кәсіби қарым-қатынас және бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызы талқыланды. Филиал жетекшісі М.Мәулетқызы балаға қатысты мәселеде «Кім кінәлі?» деген сұрақтан гөрі, «Балаға қалай көмектесеміз?» деген ұстанымның маңызды екенін атап өтті.
Кездесуде тәрбиешінің кәсіби мәдениеті, ата-анамен тиімді байланыс орнату, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шара соңында балабақша меңгерушісі Әмина Жұмашқызы сөз сөйлеп, ұжым үшін тәртіп, жауапкершілік және өзара сыйластықтың маңызды қағидалар екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай кездесулердің тәрбиешілердің кәсіби көзқарасын жетілдірудегі маңызына тоқталды.
Балаға ортақ жауапкершілік – саналы қоғам қалыптастырудың негізі.