ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
16.09.2025
Кездесу барысында Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы Алмагүл Ильясқызы Алжикеевa, мектепке дейінгі білім беру қалалық ресурстық орталығының жетекшісі Наталья Викторовна Карасёва, №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның жетекшісі Индира Болатқызы Әбенова өз бағыттары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Форумда басты спикер «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы филиалының директоры Меруерт Мәулетқызы болды. «Сенімді болашаққа себеп – Сіз» тақырыбында баяндама жасаған спикер отбасы құндылықтарына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, бірлестік миссиясына сай жүргізіліп жатқан жобалар арқылы нақты мысалдар келтірді. Балабақшаның педагог-психологы Жазира Әкімбаева талқылау барысында айтылған негізгі тұжырымдарға ерекше назар аударды. Кездесу соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.