Бүгін «Jibek Joly» радиосының тікелей эфирінің қонағы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шәкизат Қаратайұлы болды. Эфир барысында «Азаматтық сана: жауапкершілік пен жанашырлық» тақырыбы кеңінен талқыланды. Сұхбатта азаматтық сананы қалыптастырудың маңыздылығы, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайту, жанашырлық пен өзара құрметті дәріптеу, сондай-ақ әр азаматтың ел дамуына қосар үлесі сөз болды. Шәкизат Қаратайұлы азаматтық қоғамның дамуы ең алдымен шынайы іс-әрекетке, саналы көзқарасқа, жауапкершілікке, белсенді жанашырлық ұстанымға және ортақ құндылықтарға негізделетінін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтық жауапкершілік, қоғамға құрмет, өзара сенім мен ынтымақтастық – тұрақты әрі өркениетті қоғамның басты тірегі. Сонымен қатар эфир барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ жүзеге асырып жатқан азаматтық мәдениетті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, қоғамдық белсенділікті күшейтуге, адами құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамалар туралы кеңінен айтылды. Эфир соңында қоғамдағы оң өзгерістер әр азаматтың саналы таңдауы мен белсенді әрекетінен басталатыны атап өтіліп, азаматтық сана мен жауапкершілікті дамыту – елдің орнықты дамуының маңызды алғышарттарының бірі екені айтылды.