Қарқаралы ауданы Ынталы ауылының Мәдениет үйі мен кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жүсіпбек айлығы» аясында әдеби кеш өтті.

Кеш барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, қаламгер еңбектерінің ұлттық руханият пен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы сөз болды.

Шараны ұйымдастыруға «Сенімен Болашақ» РҚБ Жанашыры, Ынталы ауылы Мәдениет үйінің меңгерушісі Альфия Кенешова ұйытқы болды.

Әдеби кештің басты мақсаты — ұлттық мұра мен адами құндылықты дәріптеу, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және Жүсіпбек Аймауытовтың тағылымды еңбектерін кеңінен таныту.

«Жүсіпбек айлығын» қолдап, ауылда мазмұнды рухани кеш ұйымдастырған Альфия Кенешоваға және Ынталы ауылының Мәдениет үйіне алғыс білдіреміз!