«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының өкілдері Әл-Фараби мектебінің ұстаздарымен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыптары – азаматтық сананы дамыту, қоғамдық жауапкершілікті арттыру және осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту.

Педагогтерге бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ ұстаздарды жанашырлар қатарына тарту, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Саналы азамат пен сапалы ұлт қалыптастыруда ұстаздардың орны ерекше. Олардың білімі, тәжірибесі және қоғамдық белсенділігі мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік береді.

Өзара пікір алмасу барысында алдағы ынтымақтастықтың бағыттары қарастырылды. Кездесу білім беру ортасы мен қоғамдық бірлестіктің ортақ мақсат жолындағы байланысын дамытуға негіз болды.

Кездесу қорытындысында Әл-Фараби мектебінің ұстаздары «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше болуға ниет білдірді.