Қыркүйек айында Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытовтың мұрасын ұлықтап, «Психология» мен «Тәрбиеге жетекші» еңбектері аясында үлкен ағартушылық толқын қалыптастырдық. Енді осы парасатты да мазмұнды жолды Алаштың бас ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасымен жалғастырамыз!
Неге Ахмет?
Абай «Толық адам» болуды өсиет етсе, Жүсіпбек сол идеяны ғылыми-психологиялық тұрғыдан іс жүзінде қолдануды ұсынды.
Ал Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтты сауаттандырудың, ана тілі мен ұлттық мектептің іргетасын қалаған, «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!» деген ағартушылық миссияны айқындап берген тұлға.
Бірлестік ағартушылық бағыты аясында Ахаңның өлеңдері, мысалдары мен публицистикалық мақалалары енген «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» жинағын негізге ала отырып, ауқымды айлықты бастайды.
Сізді бұл айда не күтіп тұр?
Авторлық лекциялар
Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы, мысалдары мен өлеңдері аясында ұлттық сана, бала тәрбиесі және азаматтық ұстаным бойынша 3 ауқымды лекция.
Аймақтық «Ахмет оқулары»
Республика бойынша барлық филиалдарда «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» жинағын талқылауға арналған кітап клубтары мен кездесулер өтеді.
Мазмұнды контент
Бала бойында еңбекқорлық пен мінезді қалыптастыру, сыни ойлау, ана тілі мен ұлттық тәрбие тақырыптарына арналған сараптамалық видеолар мен карусель-посттар ұсынылады.
Тұлғаның ішкі «менін» шыңдап, өз пікірі бар, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыру – біздің басты миссиямыз.
Ағартушылық марафонға қосылыңыздар!