1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Хабиба Дақынова, филиал Жанашыры Замзагуль Мамалинова және филиал серіктесі – «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ өкілі Асель Тореханова көпбалалы Танабаевтар отбасына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында 60 жылға жуық бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан Мұрат аға мен Қадиша анаға жылы лебізімізді білдіріп, өнегелі отбасылық жолдарына құрмет көрсеттік. Ақ батасын алып, өмірлік әңгімелерін тыңдадық.

Үлкендеріміз аман, әр шаңырақта ақ бата мен береке мол болсын!