ПРЕЗИДЕНТ ЖАУАПТЫ АТА-АНА БОЛУ ИДЕЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ
03.10.2024
– «Жалпы алғанда, елде жауапты ата-ана болу идеясын насихаттауға бағытталған қоғамдық науқанды кеңінен жүргізу қажет деп санаймын. Уәкілетті мемлекеттік органдарға өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді Президент өз сөзінде.
Президенттің бұл ұстанымы Қазақстандағы саналы ата-ана болу мәдениетін қалыптастыруды миссия еткен «Сенімен Болашақ» ұйымының қызметімен тікелей үндеседі.
«Сенімен Болашақ» ұйымы Қазақстанның барлық өңіріндегі ата-аналарды бала тәрбиесі мен ата-ана мен бала арасындағы өзекті мәселелер төңірегінде біріктіреді.
Біз еліміздегі ата-ана болу тәжірибесіне ерекше мән береміз, себебі ол – болашақ азаматтардың тұлғасын қалыптастыратын аса маңызды институт.
Үш жылдық қызметіміз барысында біз 20 мыңнан астам іс-шара өткіздік, оның ішінде республикалық деңгейдегі ата-аналар форумдары да бар. Соның бірі – «АТА-АНА – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ» форумы.
Форум атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі бақытты балалық шақтың негізі – отбасы институты.
Біздің барлық бастамаларымыз әрбір ата-ана өз баласының және еліміздің барлық балаларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатына сенімді болатын қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Біздің ұжымдық жауапкершілікке ұмтылуымыздың негізгі қағидаттары мына ұстанымдарда көрініс табады: «Балалар – біздің болашағымыз» және «Бөтен бала жоқ».
Бұл қағидаттар біздің ортақ көзқарасымызды айқындайды – әрбір бала ата-ананың мейірімі мен қамқорлығы аясында өсетін қоғам құру.