ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МОДЕЛІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ИННОВАЦИЯЛАР НЕМЕСЕ «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ҚОҒАМДЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТІП ЖАТЫР
22.07.2024
«Сенімен Болашақ» РҚБ Төрағасы Жансая Бердімұрат өз сөзінде ұйымның қоғамдық дамуға қосқан үлесін көрсететін табысты тәжірибелік кейстермен бөлісті.
Сондай-ақ ол биыл еліміздің өңірлерін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан 10 әлеуметтік маңызы бар жоба туралы ақпарат берді.
Семинар аясында ұйымымыз «Тектілер ту көтереді» манифесін таныстырды. Бұл құжат «Сенімен Болашақ» РҚБ қағидаттарын жүйелеп, еліміздегі азаматтық белсенділікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Қоғамдағы оң өзгерістердің трендсеттері ретінде біз әлеуметтік инновацияларды әзірлеу және енгізу бойынша өз моделімізді ұсынамыз.
БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ!
← Барлық жаңалықтар