Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен ауыл тұрғындарына арналған кездесу өтті. Басқосудың мақсаты – ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және саналы қоғамның қалыптасуына ықпал ету.

Кездесу барысында адами құндылықтарды нығайту, азаматтық сананы дамыту және өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.

Жиынға Бірлестіктің бірқатар жанашырлары қатысты.

«Сенімен Болашақ» РҚБ қоғамдағы ортақ жауапкершілікті нығайту және азаматтық сананы дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Саналы қоғам қалыптастыру – ортақ жауапкершіліктен басталады.