2026 жылғы 5 маусымда «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі , Павлодар облысының, Баянауыл ауданында «Сенімен саяхат!» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға аймақтағы «Жас ұрпақ» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тәрбиеленушілері қатысты. Саяхат барысында қатысушылар Павлодар облысының інжу-маржаны саналатын Баянауыл өңірінің табиғи және тарихи орындарын аралады. Шараның мақсаты - Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне туған жердің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсету арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды, саналы қоғамның қамқорлығы мен жанашырлығын сезінуді, өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне азаматтық жауапкершілікпен қарауды қатысушылар бойында қалыптастыру.