📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 Көмек алу

«Анадан қызға – сұлулық пен күтім» тағылымды кездесуі өтті

20.08.2026

«Анадан қызға – сұлулық пен күтім» тағылымды кездесуі өтті

«Анадан қызға – сұлулық пен күтім» тағылымды кездесуі өтті

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Анадан қызға – сұлулық пен күтім» атты тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – қыз баланың сыртқы сұлулығымен қатар, оның ішкі мәдениетіне, өзін бағалауына, адамдық қасиеті мен жауапкершілігіне мән беру, ана мен қыз арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту.

Кездесу барысында жанашырымыз, Qyzylarai сұлулық салонының негізін қалаушы, көпбалалы ана Жаннұр Мәдениетқызы Төлеубаева көпбалалы аналар мен қыздарына бет күтімі бойынша арнайы мастер-класс өткізді. Қатысушылар сұлулық пен күтімнің қарапайым әрі пайдалы тәсілдерімен танысып, өздеріне күтім жасаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды.

Сұлулық – сыртқы келбеттен басталғанымен, адамды шын мәнінде көркейтетін ең басты құндылықтар – тәрбие, білім, ізгілік, жүрек жылуы және жақсы іс.

Осындай тағылымды кездесулер арқылы қыздарымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың өзіне деген сенімін арттыруға, азаматтық сана мен жауапкершілігін қалыптастыруға үлес қосуды көздейміз.

Сонымен қатар, көпбалалы аналардың кездесуге қатысуына ықпал еткен «Tal besik» көпбалалы аналар одағына алғысымызды білдіреміз.

Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік. Ал қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің маңызды бөлігі.

← Барлық жаңалықтар