Саналы қоғам қалыптастыру әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін сезініп, ортақ іске үлес қосуынан басталады. Осы мақсатта «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бас кеңсесінде Астана қаласының жанашырларының кездесуі өтті.
Кездесуге Бірлестіктің құрылтайшысы Нұркен Жарылқапұлы Асанов қатысып, ұйымның құрылу тарихы, негізгі миссиясы мен қызметінің бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар Бірлестік басшылығы жүзеге асырылған жобалар мен бастамаларға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстармен таныстырды.
Басқосудың басты мақсаты – Бірлестіктің қызметін кеңінен таныстыру, қоғамның дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың басын қосу және ел мүддесі жолындағы ортақ бастамаларды талқылау.
Кездесу барысында Астана қаласының жанашырлары Бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарымен жақынырақ танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.