БАҚ өкілдеріне арналған БАЙҚАУ!
19.06.2026
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайтын «Тектілер ту көтереді» атты журналистер арасындағы республикалық байқау жариялайды.
Байқау «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің 5 жылдық мерейтойына және Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың негізгі мақсаты:
Саналы Азамат- сапалы мемлекеттің кепілі. Байқаудың мақсаты – азаматтық жауапкершілікті арттыру және азаматтық қоғам белсенділерінің бастамаларын насихаттау.
«Сенімен Болашақ» РҚБ – еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін республикалық қоғамдық бірлестік. «Отан отбасынан басталады» қағидасын негізге алған бірлестік отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыра отырып саналы азамат, сапалы қоғам қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде мыңдаған ата-анаға, педагогтерге және жастарға арналған форумдар, семинарлар, кездесулер мен әлеуметтік жобалар ұйымдастырылды.
Байқауға «Сенімен Болашақ» РҚБ жобаларына, бастамаларына және қоғамдық қызметіне арналған материалдар қабылданады
Біздің сайт: https://senimenbolashaq.kz/
Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша қабылданады:
• «Үздік телевизиялық материал» – 500 000 теңге;
• «Баспа басылымындағы үздік мақала» – 500 000 теңге;
• «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» – 500 000 теңге;
• «Үздік радио немесе Ютуб бағдарлама» – 500 000 теңге.
Сонымен қатар, байқау аясында арнайы ақшалай ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.
Байқауға 2026 жылғы 18 маусым мен 15 шілде аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушыдан ұсынылатын жұмыстар санына шектеу қойылмайды. Қазақстанның барлық өңірлеріндегі журналистер қатысуға құқылы.
Байқау материалдарын салалық сарапшылардан, беделді журналистерден және қоғамдық сала мамандарынан құралған тәуелсіз комиссия бағалайды.
Байқауға қатысу үшін материалдарды senimenbolashaq.media@gmail.comэлектрондық поштасына жолдау қажет.
Байланыс телефоны: +7 775 510 1784
Байқау қорытындысы 2026 жылғы 20 шілдеге дейін жарияланады.
← Барлық жаңалықтар