Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен онлайн режимде жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. «Бала қауіпсіздігі біздің ортақ мүддеміз» тақырыбында өткен жиынға ата-аналардан бөлек 200-ден астам қала мектебінің директорлары, ата-аналар комитетінің басшылары, жауапты сала өкілдерімен қоса бірлестіктің Алматы филиалының психологы Қуаныш Қуатқызы да негізгі спикерлердің бірі ретінде қатысты. Арнайы тақырыптар бойынша спикер болған Алматы қаласы Білім басқармасының және балалардың құқығын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша өкілдері Халида Әжіғұлова, сондай-ақ Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова қорқыту, буллинг, ата-ана тарапынан зорлық-зомбылық сияқты мәселелерді талқылап, оның алдын алу бойынша тәрбиелік әдістерді көрсетті. Қуаныш Қуатқызы да бірлестік жайлы ақпарат беріп өтіп, бүгінгі таңда тереңдеп кеткен буллинг мәселесінің бірлестік назарында екенін және сол төңіректе атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Көрсетілген слайдтар ақпарат үшін ата-аналардың ватсап топтарына таратылу керектігі айтылды. Айта кетелік, ұйымдастырылған отырған іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың, балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын-алу болып табылады.