«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 10-12 қазан күндері аралығында «Алтын бесік», «Балдырған» балабақшаларында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты ата-аналарға арналған кезекті семинар өткізді.
Кездесу барысында филилал психологы Жазира Баукенова бірлестіктің ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, жиын соңында тренинг өткізді. Ата-ананың міндеті өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеу, үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталатыны туралы айтты. «Құрметті ата-ана сіздің мінезіңіз қандай?», «Сіз қандай ата-анасыз?» деген миға шабуыл жасау арқылы бірнеше сұрақтар қойылып, ата-аналармен пікір алмасты.
Психолог өз сөзін: «Әйгілі философ, математик Платон: «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген екен. Әрбір істі өзімізден бастап жас ұрпақты ауызбіршілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеп, ізгіні, игілікті көп айтып, көп көрсетіп, өз ісімізбен үлгі бола білейік», - деп Жазира Алтайқызы кездесуді қортындылады.