«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы және бірлестік психологы Жұмакүл Тасболатқызы жергілікті «Qyzylorda» телеарнасының «Өмірдің өзі» бағдарламасында сұхбат берді.
«Өмірдің өзі» бағдарламасының барысында саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыс жасап келе жатқан бірлестіктің құрылу тарихынан бастап, бүгінге дейін атқарған іс-шаралар жұмыстар мен жобалар, семинар-тренингтер, т.б. туралы ақпараттар берілді.
Шәкизат Қаратайұлы 2023 жылы атқарылған және жыл аяғына дейін атқарылатын жұмыстарға ерекше тоқталып, кішігірім талдау жұмыстарын жасады. Барлық экран артындағы көрермендерді.
Сұхбат барысында бірлестік туралы толыққанды ақпарат беріліп, алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлестіктің мақсаты мен міндетін айтып, өзге де мүдделі тараптарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды, әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылу туралы ақпараттар берілді.