#Павлодар
ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОТБАСЫНДАҒЫ БЕРІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КЕПІЛІ

Неліктен эмоционалды интеллекттіні дамыту керек? Эмоционалды интеллект отбасындағы берік қатынастардың кепілі. Өз эмоцияңызыды басқару арқылы жанұяңыздағы әр жанмен дұрыс қарым-қатынас орнатып,  түсініспеушілікетің алдын аласыз. Отбасындағы ынтымақты нығайтуды көздеген бірлестіктің  Павлодар облыстық филиалы Жылыбұлақ ауылында  «Эмоционалды және коммуникативті интеллектіні дамыту» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар тренинг өткізді.

Тренингтің спикерлері «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс, филиал психологы Жанар Теміржанқызы болды.  Хызыр Жанарыс ата-аналарды эмоционалды және коммуникативті сауатты болуға шақырса, Жанар Теміржанқызы буллинг және кибербуллинг тақырыбында сөз қозғады. Ата-аналар белсенді ат салысып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.

10.10.2023
#Павлодар
ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОТБАСЫНДАҒЫ БЕРІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КЕПІЛІ