#Алматы
МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Алматыда "Сенімен болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі мен «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа "Сенімен болашақ"  РҚБ төрайымы Жансая Бердімұратқызы мен «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы,  отставкадағы генерал-майор Махмұт Телеғұсов қол қойды. Сондай-ақ  іс-шараға бірлестік құрылтайшысы  Нұркен Асанов пен кеңесшісі Нұржан Нұрланбекұлы қатысып,  бірлестіктің ұстанымына тоқталып, бұл оқиға жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге, халқымыздың ерлікке толы өткенін жаңғыртуға ықпал ететініне сенімді екендіктерін айтты.

01.03.2023
#Алматы
МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ