#Қостанай
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕНІҢ ЖОҒАРҒЫ ҮЛГІСІН СІҢІРЕДІ

Бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы Қостанай  қаласының  жоғары медициналық колледжінің студенттеріне арнайы семинар ұйымдастырды.

Филиал психологы Базаркуль Капарқызы алдымен бірлестік миссиясын студенттерге  түсіндіріп өтіп, семинарын бастады.  Психолог студенттермен бірге «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында сөйледі, олардың отбасындағы және жеке өмірлік құндылықтары туралы ой қозғады.

Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағидаға айналған сөз қай кезде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Отбасы – кезкелген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі.

Жанұя – адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жанұя – жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы.

02.06.2023
#Қостанай
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕНІҢ ЖОҒАРҒЫ ҮЛГІСІН СІҢІРЕДІ