#Алматы
СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ ҚАЛЫПТАСУ – КӨПЖАҚТЫ ҮРДІС

Кешегі мектеп оқушысының студенттік өмірге «енуі» өмір сүру үрдісінде жаңа кезең болып саналатындықтан олар психологиялық өзгеріске ұшырайтыныны айтпаса да түсінікті. Әсіресе 9-сыныптан соң колледжге түсушілерге психологиялық қолдау аса қажет ететін мәселе. Олардың   негізгі бөлігі аудандардан, шалғай ауылдардан келетіндіктен ата-ана тарапынан үнемі бақылау мүмкін емес. Қалаға келісімен олар ата-ана қамқорлығынан тысқары болып, өздерінің жеке өмірлерін бастайды. Сол кезде санасы солқылдақ жастардың келеңсіз жағдайларға ұшырап жатуы жиілеп кетеді. Міне осы мәселелердің алдын алу үшін «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы қалалық филиалы Алматы Ұлттық медициналық және Алматы техникалық-қаржы және инновациялық-техникалық колледждеріне барып, кездесу өткізіп қайтты.  АҰМК-де өткен басқосуда І курс студенттері мен ұстаздар қауымы қатысып, оларға филиал психологы Қуаныш Қуатқызы алдымен баладағы психологиялық мәселелердің себеп-салдарын нақты анықтап алу керек деген мәселені кең көлемде талқылап айтып берді. Ал АТҚжИТ колледжінде бірінші курс топ кураторларымен өткен кездесуде студенттің  оқу процесіне қолдау көрсету қажеттілігі түсіндірілді.  «Жасөспірімнің студенттік өмірге қосылуы жолында тұрған кедергі оның қалыптасқан динамикалық стеоротиппен келуі мүмкін. Сондықтан топ кураторлары студенттерді қатаң бақылауға алып, жекелей қарым-қатынас жасаулары қажет. Топ кураторлары мен білім ошағының психологы әркіммен ортақ тіл табысуға, ашық сөйлесіп, кеңестері мен ұсыныстарын білдіруге, студенттің мағлұматты өз бетінше игеруге көмек көрсетуі қажет», - деген психологтың сөзін ұстаздар қауымы да құптады. Бірлестік тарапынан ауқымды мәлімет алғанына ризашылығын білдіріп, жақын күндері өтетін ата-аналар жиналысына қатысып, психологиялық көмек беруімізді сұрады.

21.09.2022
#Алматы
СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ ҚАЛЫПТАСУ – КӨПЖАҚТЫ ҮРДІС