Қарағандының қара шаңырағы Қазтұтыну одағы Экономикалық университетінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас отбасыларға арналған қалалық форум өтті. «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды филиалының өкілдері бұл күні спикер ретінде шақырылып, замануи ата-ананың рөлі қандай және отбасындағы құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру жайлы ой бөлісті.
Қарағанды филиалының басшысы өз сөзінде: «Бақытты балалық, тұрақтылық пен жайлылық – әр шаңырақтың шаттығы. Отбасындағы әке мен ананың міндеті – соған жағдай жасау болса, ол құндылықты ұстанымдарына байланысты болмақ. Құндылықты әр адам әрқалай түсініп жатады. Біреулер, матеиалдық, біреулер рухани құндылықты айтады. Шын мәнінде отбасында адамгершілік құндылықтар қалыптасқанда ғана біз отбасында жайлылық орнатамыз. Адамгершілік құндылықтар – мейірім, ізгілік, сыйластық, қолдау, жанашырлық, түсіністік болса керек», - деді.
Бұдан бөлек, мерейлі отбасының анасы Рымкеш апай, Отбасыларды қолдау біріңғай орталығының, Әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары да ойларын ортаға салды. Сондай ақ, отбасылардың мүшелері интерактивтік, ұшқырлық сайыстарына қатысып, белсенділік танытты.
Отбасы – үлкен тәрбие мектебi. Балалар үшiн ғана емес, үлкендер үшiн де. Ата-анамен бала осындай шаралар арқылы арадағы қарым-қатынасты нығайтып, бірегейлік танытады. Отбасындағы тығыз байланыс мызғымас тірек.