«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен қоғамда жас отбасылар арасындағы ажырасудың алдын алу бағытындағы жобалық жұмыстардың мақсат-міндетін айқындау мақсатында «Жастармен бірге...» атты форсайт-сессиясы өткізілді.
Жиынға аймақтағы әртүрлі сала мен бағыт бойынша қызмет етіп жүрген белсенді, көшбасшы жастар қатысты.
Сессияны филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы ашып беріп, жиынның мән-маңызын таныстыра отырып, орындалуы тиіс міндеттерді атап өтті.
Одан әрі бірлестік психологтары Сымбат Нұртазақызы мен Жұмакүл Тасболатқызы қатысушыларға жастардың отбасын құруға дайындығы, қоғамдағы ең басты мәселе ажырасудың көбейіп жатқандығы жайында қатысушыларға сауалдар қойып, мәселені шешу жолындағы тетіктерді фокус топтар арқылы анықтады.
Қатысушылар сессияға белсенді қатысып отырды. Әрбір сәт сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, аталмыш тақырыпта жүзеге асатын жобаны бірлесе атқаруға өз ұсыныстарын берді.
Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, өзара пікір алмасылды.