Біз діннен, саясаттан, тілден тыс ұйымбыз. Біз заманауи және саналы ата-ана болу мәселелері төңірегінде барлығын біріктіреміз. Біз «Балалар – біздің болашағымыз» және «Баланың бөтені жоқ» деген ұжымдық жауапкершілік қағидаттарын насихаттаймыз. Біз жаңа идеялар мен қазіргі заманғы ата-ана болудың жаңа көзқарасын қалыптастыруға шабыт береміз. Біз «Тектілер ту көтереді» манифесін ілгерілетіп, Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа үлгісін ұсынамыз. Бұл әлеуметтік дамуды жеделдетіп, Қазақстанның әлемдік өркениеттік күн тәртібінде алдыңғы қатарға шығуына ықпал етеді. БІЗГЕ 3 ЖЫЛ – БІЗ ӘРІ ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ!