НҰРКЕН АСАНОВ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
04.12.2023
Осы оқиғаларға 300 жыл өтсе де, елдің әр өңірінде ата-баба рухына тағзым ету және тарихи жадыны жаңғырту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.
Солардың бірі – Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың акт залында өткен ғылыми-теориялық конференция.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов конференцияның құрметті қонағы ретінде қатысып, жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол «Сенімен Болашақ» бірлестігінің қолдауымен жарық көрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабын таныстырды.
Сонымен қатар кездесу барысында саналы адам концепциясы талқыланды. Ғалымдар ғылыми тұрғыдан саналылық ұғымының жас ұрпаққа берілетін негізгі құндылықтардың бірі екенін атап өтті. Олардың пікірінше, «Саналылық – тұлғаның жеңісі».