Бірлестіктің ұстанған бағыты мен мақсат-міндетін таныстырып, насихаттау мақсатындағы іс-шараның бірі №176 балабақшада жалғасын тапты. Бірлестіктің Алматы қалалық филиалы балабақшаға барып, ата-аналарға «Саналы ата-ана – ұлт болашағы» тақырыбында тренинг өткізді. Баламен қарым-қатынас құру құпиясын әрі олардың жеке тұлға ретінде өзін құрметтеуге үйретуді мақсат еткен жиында отбасы адамның қалыптасатын негізгі ортасы екендігі жан-жақты айтылды. Филиал психологы Қуаныш Қуатқызы слайд арқылы отбасы тынысы -тіршіліктің ұясы екенін түсіндіріп: «Отбасы – тәрбиенің алғашқы баспалдағы. Адамның толық мәнді тұлға болып қалыптасуында отбасындағы тәрбиенің маңызы орасан» дей келе, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ата-ананың рөлін айқындап берді. Шара соңында жиналғандар сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Ал балабақша меңгерушісі Тамара Тынышбайқызы филиал ұжымына алғысын білдіріп, осындай тақырыпта тәрбиешілермен де тренинг өткізуге ұсыныс тастады.
ІРГЕТАС ПЕН ӨРІС
30.11.2022