Қызылорда «Балалардың репродуктивті тәрбиесін ерте жастан қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинар балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына арналды.
Онлайн вебинарда бірлестік психологы Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға репродуктивті тәрбие, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында ақпараттармен бөлісті.
Психолог маманның айтуынша, ата-ана балаға репродуктивті тәрбиені ерте жастан берсе, зорлық-зомбылықтың алдын алуға болды. Жыныстық тәрбие туылғаннан басталады. Бүлдіршін өзінің дене мүшелерінің атауын 3 жастан бастап орыс және қазақ тілінде білген дұрыс. Ғылыми да, ауызекі атауларын бірге қолдануға болады. Бұл жаста жеке шекара қалыптасып бастайтын болғандықтан бала өзі жуынып, «менің жыныс мүшелеріме өзімнің ғана қолым жанасу керек» деген ұғымды қалыптастыру керек.
Мәні мен маңызы зор шара қатысушылардың кері байланысымен жалғасты. Қатысушылар толғандырған сұрақтарына тұщымды жауап алды.
