#Алматы
ІРГЕТАС ПЕН ӨРІС

Бірлестіктің ұстанған бағыты мен мақсат-міндетін таныстырып, насихаттау мақсатындағы іс-шараның бірі №176 балабақшада жалғасын тапты. Бірлестіктің Алматы қалалық филиалы балабақшаға барып, ата-аналарға «Саналы ата-ана – ұлт болашағы» тақырыбында тренинг өткізді. Баламен қарым-қатынас құру құпиясын әрі олардың жеке тұлға ретінде өзін құрметтеуге үйретуді мақсат еткен жиында отбасы адамның қалыптасатын негізгі ортасы екендігі жан-жақты айтылды. Филиал психологы  Қуаныш Қуатқызы слайд арқылы отбасы тынысы -тіршіліктің ұясы екенін түсіндіріп: «Отбасы – тәрбиенің алғашқы баспалдағы. Адамның толық мәнді тұлға болып қалыптасуында отбасындағы тәрбиенің маңызы орасан» дей келе, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ата-ананың рөлін айқындап берді. Шара соңында жиналғандар сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Ал балабақша меңгерушісі Тамара Тынышбайқызы филиал ұжымына алғысын білдіріп, осындай тақырыпта тәрбиешілермен де тренинг өткізуге ұсыныс тастады. 

30.11.2022
#Алматы
ІРГЕТАС ПЕН ӨРІС