#Жамбыл
ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Тараз қаласында орналасқан  Шона Смаханұлы атындағы орта мектепте  «Әке- отбасының тірегі» тақырыбында  әкелермен  кездесу өтті. Бала тәрбиесіндегі әкенің  жауапкершілігін  арттыру.  Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру. Ата-ананың ойын оятуды көздейтін аталған кездесуге «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының менеджері Құрманәлі Қуандық Қайратұлы және бірлестіктің сарапшылар кеңесінің мүшесі әлеуметтанушы Әлмұратов Бақыт Темірханұлы  спикер ретінде қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Қуандық Қайратұлы презентация арқылы «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізгі миссиясын жеткізді. Атқаралып жатқан іс-шараларға тоқталып, бірлестікке мүше болуға шақырды және филиалдың психолог маманы бала тәрбиесіне қатысты психалогиялық ауытқуларды болдырмаудың алдын алу жайында кеңес беріп, тренинг жүргізді.

 

15.03.2023
#Жамбыл
ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ