#Алматы
ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН!

Бала құқығын қорғау — «Сенімен Болашақ» РҚБ басты бағыттарының бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жобаларға қашанда ерекше мән беріледі.  Осы мақсатта бірлестіктің Алматы қалалық филиалы 1 маусым — Халықаралық балалар күніне орай № 52 және № 56 мектеп-гимназиясына барды. Жазғы лагерьдің ашылуына қатысып, балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, балаларға арнаған сыйлықтарын табыс етіп, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

01.06.2022
#Алматы
ҚУАНСА,  БАЛА ҚУАНСЫН!