#Жамбыл
РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қоғамда жиі қозғала бермейтін, бірақ маңызы жоғары баладағы репродуктивті денсаулықты қалыптастыру тақырыбы екені анық. Бүгінде осы тақырыпты кеңінен ашу, ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында Тараз қаласының №8 мектеп-лицей кешенінде қалалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен психологтармен кездесу өтті.

Кездесу барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Дәурен Орайұлы дискусиялық алаң жүргізіп балада репродуктивті денсаулықты қалыптасыру бойынша тақырыпқа сай ақпараттармен бөлісті. Ата-аналар тарапынан түрлі сауалдар қойылып кері байланыс жасалынды. Осы тақырып аясында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтар өз мектептерінің ата-аналарымен жұмыстар жүргізетін болады.

26.10.2023
#Жамбыл
РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ