#Жамбыл
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА БІРЛЕСЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНБЫЗ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы тәрбие және қосымша білім бөлімінің басшысы Гүлзира Дәрібаева мен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Құрмашқызы «Сенімен Болашақ» РҚБ Тараз қалалық филиалының басшысы Мақсат  Сарсембаевты қабылдады.

Бала-ата-ана-ұстаз деген үштіктің ынтымағын арттыруда дәнекер болатын «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің елімізге тигізер пайдасы көп. Дәл осы  мәселені Гүлзира Дәрібаева мен Дүрия Құрмашқызы филиал басшысымен кездесуде ерекше атап өтті. Олар мекеменің ата-аналармен жүргізіп жатқан жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Бәсекеге қабілетті, саналы ұрпаққа тәлім-тәрбие беру баршамыздың ортақ мақсатымыз екенін айта отырып, жарқын болашақ жолында бірлесе әрекет етуге шақырды.

Мақсат  Сарсембаев  облыстық білім басқармасы тәрбие және қосымша білім бөлімінің басшысы мен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасарына таяуда жұмысын бастаған бірлестіктің алға қойған межеге жету үшін атқарылып жатқан қарқынды жұмыстарымен таныстырды. Бірлестіктің мақсаты мен жоспарлары туралы бөлісті.  Филиал жоспарларының қатарында Жамбыл облысына қарасты қалалар, аудандар мен ауылдарды аралап, білім ошақтарының ұстаздары, ата-аналарымен кездесіп, тілдесу ерекше басымдыққа ие.

08.12.2021
#Жамбыл
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА БІРЛЕСЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНБЫЗ