«Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Көп балалы аналар мен жастардың шешім қабылдауға қатысуын қолдау» жобасы аясында жастар арасында дебаттық турнир өткізілді. Аталмыш шараға бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы сарапшы, әрі әділқазы ретінде қатысты.
Жиында жастар мен көп балалы аналар арасында дебаттық турнир мен дискуссия алаңы құрылып, өзекті тақырыптар төңірегінде жан-жақты талқылау өтті. Дебаттық сайыста қос фракция өз позициясын қорғап, талқыға салынған тақырыпты ашу мақсатында жүйелі аргументтер мен аксиомаларды ортаға салды.
Өз кезегінде филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы қатысушыларға бірлестікті таныстыра отырып, орындалған нәтижелі жұмыстарға шолу жасап, миссия қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті. Үкімет пен оппозиция фракциялары өз ұстанымдарын сәтті қорғап, қоғамды дамыту бағытындағы ұтымды жобаларды ұсынғанын айтып өтті.
Ал жиынға қатысушы көп балалы аналар аталған тақырып төңірегінде сұрақтарын ортаға салып, еркін ой-пікір алмасты. Сайыс соңында жеңімпаз командалар мен қатысушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен, номинациялармен марапатталды. Өз кезегінде қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жалпы ойларымен бөлісті.
Сондай ақ, филиал басшысы қатысушылармен кері байланыс жасап, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.