«Цифрлық детокс және мәтін мәдениеті»
Заманауи қоғамның ең үлкен рухани дертінің бірі – зейіннің шашырауы мен оқу мәдениетнің өзгеруі.
Зейіннің деградациясы: Ғалымдардың соңғы іргелі зерттеулері бойынша қахіргі адамның зейіні 8 секундтық. Ал балықтың зейіні – 9 секунд. Біз ұзын мәтіндерді оқуға ерінеміз, өйткені миымыз жылдам ақпаратқа ғана үйренген.
Біз қалай оқимыз? Кітапты жүйелі сөзбе-сөз оқу: логиканы дамытады; зейінді тұрақтандырады; сөздік қорды байытады. Экранды үстірт шолу: тек басын және ортасын іліп алу; клиптік ойлауға және тез шаршауға әкеледі.
Біз оқуды қойған жоқпыз, тек сканерлеуге көштік. Кітапты сөзбе-сөз оқыған ата-бабаларымыз тереі талдай алатын. Ал біз мәтінді тек сурет ретінде көзбен шолып шығамыз.
Оңай ләззат пен жалқау ми. Арзан дофамин 15 секунд. Қысқа видеолар миға ешқандай күш салмай, ләззат гормонын береді. Ми ұзын сөйлемнің басы мен соңын байланыстырудан қалады.
Терең кітап оқу – ми үшін ауыр еңбек, сондықтан ми одан қашады. Ми – өте үнемшіл мүше. Егер оған ешқандай күш жұмсамай-ақ 15 секундтық қысқа видеолардан дофамин алу мүмкіндігі тұрса, ол ешқашан Абайдың қара сөздері секілді мәнді мәтіндерді оқуға бас қатырмайды.
Алаш қайраткерлері халықты ояту үшін күрделі мақалалар жазды. Шаруа қазақ оны оқып, санасына сіңірді. Ұзын сөйлемдерді түсінбейтін адам ертең заңдарды, келісімшарттарды және өз құқығын қорғайтын құжаттарды оқи алмайды.
Тек қысқа хайп пен эмоцияға сенетін қоғам манипуляцияның құрбаны болады.
Бұл тек оқу мәселесі емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мәтін мәдениеті жоқ халық заңды да түсінбейді, өз құқығын да қорғай алмайды.
Сананы құтқарудың 3 жолы: 1) терең оқу сәті. Күніне телефонды басқа бөлмеге қалдырып 20-30 минут тек қағаз кітап оқу; 2) ақпараттық диета. Мақалалар мен жазбаларды тек тақырыбына қарап бағаламай, соңына дейін оқуды әдетке айналдыру; 3) жазу мәдениеті. Жауап бергенде тек смайлик немесе қысқа сөзбен шектелмей, өз ойыңды 2-3 толық сөйлеммен жеткізу.
Саналы азамат – сапалы ұлт. Санамызды цифрлық құлдықтан құтқарып, мәтін мәдениетін бірге жаңғыртайық!