«Алаш арыстарының медиа-менеджменті»
«Алаш арыстарының медиа-менеджменті» Армысыздар! Бүгінгі тақырып — «Алаш арыстарының медиа-менеджменті». Қазір қолымызда секунд сайын ақпарат тарататын интернет, миллиондық аудиториясы бар әлеуметтік желі бар. Біз сол құралдар арқылы қоғамның санасын оята алып жатырмыз ба?
«Алаш арыстарының медиа-менеджменті»
Армысыздар! Бүгінгі тақырып — «Алаш арыстарының медиа-менеджменті». Қазір қолымызда секунд сайын ақпарат тарататын интернет, миллиондық аудиториясы бар әлеуметтік желі бар. Біз сол құралдар арқылы қоғамның санасын оята алып жатырмыз ба? Осыдан бір ғасыр бұрын Алаш зиялылары интернетсіз, YouTube-сыз, тек бір ғана газетпен тұтас ұлттың санасын төңкеріп тастады. Ал сол медиа арсенал жайлы айтсақ.
Әлем тарихына көз жүгіртсек, «ұлтты ояту» идеясы әрқашан медиа-технологияның дамуымен байланысты болды. Иоганн Гутенберг баспа станогын ойлап тапқанда, Еуропаның қараңғы дәуірі аяқталды. Томас Пейннің «Сана» деп аталатын кітапшасы тұтас Америка революциясын тудырды. Яғни, мәтінді мейлінше көбейту — ең басты қару. Кез келген ұлттың ояну тарихы қарумен емес, мәтін мен кітаптың таралу жылдамдығына байланысты.
Гутенберг заңы: 1440 жылы баспа станогы шықты. Шіркеу монополиясы жойылды. Ренессанс пен ғылыми революцияға жол ашылды.
Француз ағартушылары Дидро мен Д’Аламбердің «Энциклопедиясы» француз қоғамын оятып, Еуропаның саяси картасын өзгертті.
Міне, әлемдегі тәжірибені Алаш арыстары қазақ даласына алып келді. Логистика өте қиын болса да, басылымдарды ең шалғай ауылдарға жеткізді. Ауыл болып жиналып, бір адам дауыстап оқыған. Бұл ХХ ғасырдағы қазақтың әлеуметтік желісі болды.
Медиа-старт: 1913 жылы Ахмет негізін қалаған «Қазақ» газеті — алғашқы кәсіби, тәуелсіз медиа ресурс болды. Таралымы 3000-нан астам болып, Орынбордан бастап Жетісу, Семей, Түркістан, тіпті Қытайға дейін жетті.
Газет — Telegram-канал, жаңалық порталы, университет рөлін атқарды.
Медиа тұрғысынан қарасақ, Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабы — сол заманның ең өтімді, ең қуатты медиа-триггері болды. Патша өкіметі кітапты тәркілеп, тыйым салғанымен, халық оны қолдан-қолға көшіріп, жатқа айтты. Газетті қолдау үшін қазіргідей краудфандинг, яғни халықтық жиналым іске қосылды. Байлар өз қалтасынан ақша бөлді. Неге? Себебі Алаш менеджерлері халыққа нақты, өзекті месседж ұсынды. «Азамат» серіктестігі арқылы халықтан қаржы жиналды. Донат. Өсек емес, рушылдық емес, ғылым, заң және экономика тақырыптары көтерілді.
Кез келген мықты медиа компания секілді Алаш арыстары өз аудиториясын дәл білді. Тек элита үшін жазбады. Ахмет ұлттық тілдік код жасады. Әліппе жазды. Балаларға арналған білім берді. Газетте жерді қалай сақтау, егінді қалай егу туралы жазды — қарапайым шаруаға түсінікті тілмен. Олар бүкіл ұлтты тәрбиелейтін медиа-платформа болды.
Пирамида:
Ахметтің оқу құралымен әліппе таныған балалар;
Ортаңғы деңгей: «Айқап», «Қазақ», жер мәселесі;
Әлемдік заңдар, Конституция, Шәкәрім мен Мағжанның философиясы және поэтикасы.
Қорыта айтқанда, Алаш арыстарының медиа-менеджменті бізге үлкен сабақ. Тар заманда, қуғын-сүргінде жүріп, сөздің қуатымен елді оятты. Біз әлеуметтік желіні не үшін қолданып жүрміз? Тек лайк жинау үшін бе? Әлде Алаштықтардай мағыналы сөз айту үшін бе?
Бізде технология бар, мазмұн керек. Медиа — халықтың ермегі болмауы керек, ол елді өркениетке жетелейтін ағартушылық құрал.