08 Маусым 2026
Өткенге тағзым, болашаққа аманат...
31 мамыр — тарихымыздың ең ауыр, сонымен бірге ең рухты парағы. Бұл күні біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын, Алаш арыстарын еске аламыз. Бірақ олардың рухына шынайы тағзым ету деген не? Тек өткенге мұңайып, жоқтау айту ма?
Жоқ. Алаш зиялылары білімсіздікпен, қараңғылықпен күресті. Олар халықтың көзін ашуды, саналы әрі тәуелсіз ұлт болуды мұрат етті. Олар біз үшін, біздің еркіндігіміз бен біліміміз үшін жандарын пида қылды.
Сондықтан бүгінгі таңда олардың аманатына адал болудың ең үлкен көрінісі - ОҚУ. Біздің әрбір парақтаған кітабымыз, әрбір ізденісіміз, саналы әрекетіміз бен зияткерлік жетістігіміз - сол қасиетті рухтардың алдындағы ең үлкен құрметіміз.
Ең үлкен тағзым - біліммен биіктеу. Ұлт болып оқиық, дамиық, аманатқа қиянат жасамайық.