«Азамат» «Тектілер ту көтереді» манифесті аясында
«Азамат»: сенім, жауапкершілік және ішкі тұрақтылық жайлы жоба
«Тектілер ту көтереді» манифесі аясында жүзеге асырылатын «Азамат» жобасы саналы мінез-құлық мәдениетін, эмоциялық тұрақтылықты және азаматтық жауапкершілікті дамыту арқылы қоғам мен күштік құрылымдар арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.
Қазіргі заманғы күштік құрылым қызметкері – өз саласының кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар ішкі тұрақтылығын сақтай алатын, адамдармен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнататын және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін тұлға.
Жоба аясында Қарағанды қаласының әскери қызметшілері, полиция қызметкерлері мен курсанттарына 9 ай бойы келесі бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады:
• күйзелісті басқару және эмоциялық тұрақтылықты дамыту тренингтері;
• қызметтік этика мен медиация негіздері бойынша оқыту сессиялары;
• жанжалдарды басқару және шешу тәжірибелері;
• сарапшылардың жеке консультациялары;
• диалог алаңдары мен арнайы дайындалған оқыту бейнематериалдары.
Жоба кәсіби күйзеліс пен эмоциялық сарқылудың алдын алуға, сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
Біз сенім өзара құрметтен, ішкі кемелділіктен және бір-бірін тыңдай білу мәдениетінен басталады деп сенеміз.


