📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 Көмек алу
← Все проекты
Павлодар облысы 2025

«Бірлікпен жасаймыз!» Қызылтаң – Отбасылық саябағы жобасы

«Бірлікпен жасаймыз!» Қызылтаң – Отбасылық саябағы жобасы

«Бірлікпен жасаймыз!»: отбасылық саябақ – демалыс, татулық және бірлік мекені
«Бірлікпен жасаймыз! «Қызылтаң – Отбасылық» саябағы» жобасы Павлодар облысының Қызылтаң ауылында заманауи отбасылық саябақ құруға бағытталған. Бұл – тұрғындардың демалуына, спортпен шұғылдануына, қарым-қатынас жасауына және отбасылық уақытын тиімді өткізуіне арналған жайлы қоғамдық кеңістік.
Жобаның басты мақсаты – адамдарды біріктіретін, отбасылық құндылықтарды нығайтатын және ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыратын орын құру.
Болашақ саябақ тек демалыс пен көгалдандыру аймағы ғана емес, сонымен қатар балаларға, жастарға және ересектерге арналған мәдени, экологиялық және спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін қоғамдық алаңға айналады.
Жоба аясында:
• аумақты абаттандыру және қоршау жұмыстарын жүргізу;
• 300 түп терек пен 50 түп шырша отырғызу;
• заманауи саябақ аймағын қалыптастыру;
• отбасылық, экологиялық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру көзделген.
Жобаның ерекшелігі – ауыл тұрғындарының, жастардың және қоғам белсенділерінің бастамаға бей-жай қарамай, белсене атсалысуы дер едік. Ортақ іске жұмылу ауызбіршілікті, жауапкершілікті және туған жерге деген жанашырлықты нығайтуға ықпал етеді.
Жоба қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға және ауыл инфрақұрылымын дамытуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық белсенділік мәдениетін, өзара көмек пен ортақ кеңістікке ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.
Біз мықты қауымдастық адамдардың бір жерге жиналып, отбасымен бірге уақыт өткізіп, туған өлкесінің болашағын өз қолымен қалыптастыратын ортадан басталады деп сенеміз.