Қазақстан аумағындағы отбасылық соттар жанындағы отбасын ресурстық қолдау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру
Отбасына құқықтық қолдау көрсету орталықтары: диалог, көмек және бейбіт шешімдер кеңістігі
Соттар жанындағы «Отбасына құқықтық қолдау көрсету орталықтары» жобасы күрделі өмірлік және қақтығыстық жағдайларға тап болған отбасыларға психологиялық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған.
Жобаның басты мақсаты – тараптар арасындағы жанжал деңгейін төмендету, адамдарға бір-бірін түсінуге көмектесу және сот процесі барысында балалардың психологиялық әл-ауқатын сақтау.
Жоба аясында соттарда және «Саналы ата-ана академиясы» базасында психологтар мен медиаторлар жұмыс істейді. Олар отбасылық дауларға қатысушыларға сындарлы диалог орнатуға, эмоциялық қысымды еңсеруге және өзара қолайлы шешімдер табуға көмектеседі.
Мамандардың жұмысы келесі қағидаттарға негізделеді:
• еріктілік;
• құпиялылық;
• әр тарапқа құрмет;
• бейтараптық;
• баланың мүддесін басым қою.
Азаматтар қолдауға өз бастамасымен жүгіне алады немесе сот арқылы бағыттала алады.
Жоба отбасылық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамытуға, қайталанатын сот дауларының санын азайтуға және балалар мен ата-аналар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Біз ең күрделі жағдайларда да диалог, қолдау және кәсіби көмек адамдар арасындағы құрметті сақтап, баланың болашағын қорғауға мүмкіндік береді деп сенеміз.


