Кәсіби бағдарлау
Жастардың мамандық таңдауы: өз ісіңді табу және болашақты сенімді құру
Бұл жоба жасөспірімдер мен жастарды мамандықды саналы таңдауға, жеке әлеуетін дамытуға және болашақ кәсіби мансап жолына сәтті қадам жасауды қолдауға бағытталған.
Мамандық таңдау – әрбір жас адамның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Жобаның негізгі мақсаты – қатысушыларға өздерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін және қазіргі еңбек нарығының мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге көмектесу.
Жоба аясында оқушылар мен студенттер түрлі мамандықтармен, білім беру бағыттарымен және жұмыс берушілердің қазіргі талаптарымен танысты. Әсіресе өз-өзіне сенімділікті арттыруға, өзін-өзі талдау дағдыларын дамытуға және кәсіби дамудың маңызын түсінуге ерекше назар аударылды.
Әрбір қатысушыға жеке кәсіби жоспар құру мүмкіндігі берілді. Бұл жоспар олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін нақты мансаптық мүмкіндіктермен үйлестіруге көмектесті.
Жоба тек жастарға ғана емес, баласының саналы әрі табысты болашағына бейжай қарамайтын ата-аналар үшін де маңызды қолдау алаңына айналды.
Дұрыс кәсіби таңдау жас адамға өзін толық жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар қоғамның сенімді, дербес және сұранысқа ие мүшесі болуға мүмкіндік береді деп сенеміз.


