Оқуға құштар – отбасы
Ата-ана мен бала: бірге оқимыз, бірге өсеміз
Бұл жоба отбасылық кітап оқу мәдениетін дамытуға, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.
Бірге кітап оқу жай ғана қажетті әдет емес, ол отбасы мүшелерінің эмоциялық жақындасуына ықпал ететін маңызды құралға айналуы тиіс. Кітап ата-аналар мен балаларға бірге уақыт өткізуге, пікір алмасуға, маңызды тақырыптарды талқылауға және тұрақты отбасылық дәстүрлерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоба аясында 163 отбасы кітап оқудың түрлі форматтарына қатысты. Қатысушылар буккроссингке, PEDx тақырыптық кездесулеріне, кітаптарды бірлесіп талқылау шараларына қатысып, күн сайын кемінде 30 минутты отбасылық кітап оқуға арнау мәдениетін насихаттады.
Жобаның есте қалар оқиғаларының бірі – Абай атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылған «Кітапсүйер отбасылар» байқауы болды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 500 000 теңгені құрады.
Жоба отбасыларға бірлескен кітап оқудың құндылығын тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар өзара сенімді нығайтатын, қарым-қатынасты жақсартатын және білімге деген қызығушылықты арттыратын сүйіспеншілікке толы отбасылық дәстүр қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Біз кітапқа деген сүйіспеншілік отбасынан басталады және жақсы кітап ұрпақтарды жақындастыратын ерекше күшке ие деп сенеміз.


