Татулық
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: жауапкершілік пен өзгеріс жолы
Бұл жоба аясында отбасылық-тұрмыстық кезеңінде құқық бұзушылыққа жол берген ер адамдармен профилактикалық және түзету жұмыстары жүргізіліп, сол арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайларын азайтуға бағытталған.
Біз зорлық-зомбылықтың алдын алу тек агрессияның, эмоциялық тұрақсыз мінез-құлықтың себептерімен жұмыс жүргізу және жеке жауапкершілікті қалыптастыру арқылы ғана мүмкін екеніне сенеміз.
Жоба аясында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша уақытша қамауда отырған ер адамдармен жұмыс жүргізілді. Қатысушылар өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға, эмоцияны басқаруға және жанжалды сындарлы түрде шешуге бағытталған алдын алу және оқыту шараларынан өтті.
Әсіресе төмендегі бағыттарға ерекше көңіл бөлінді:
• Әрекеті үшін жауапкершілікті сезіну;
• агрессияны тудыратын факторларын анықтау;
• отбасындағы сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру;
• босатылғаннан кейін қайта құқық бұзушылықтың және әлеуметтік оқшауланудың алдын алу.
Жоба сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психология және отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында жұмыс істейтін мамандардың тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Нәтижесінде қатысушылар мінез-құлқын өзгертуге және отбасында қауіпсіз әрі салауатты қарым-қатынас орнатуға көмектесетін практикалық құралдарға ие болды. Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінде қолдануға болатын әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Отбасы қауіпсіздігі жеке жауапкершіліктен, өзара құрметтен және жанжалды зорлық-зомбылықсыз шешу қабілетінен басталады деп сенеміз.


