📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 Астана қ., Қонаев көш., 2 Көмек алу
← Все проекты
Батыс Қазақстан облысы 2023

Жақсылық жасап жарысайық

Жақсылық жасап жарысайық

Жасөспірім және заң: ерікті жолымен болашаққа
Бұл жоба жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды еріктілік қызметіне тарту арқылы жауапкершілік сезімін дамытуға және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Жобаға 8-9-сынып оқушылары қатысты. Олар әлеуметтік, білім беру және ерікті болу сынды іс-шараларға белсене қатысып, топта жұмыс істеуді, өзгелерге көмек көрсетуді, заң талаптарды құрметтеумен қатар жеке бас жауапкершілігінің маңызын барынша түсінді.
Жоба аясында құқықтық сауаттылықты арттыруға, рухани-адамгершілік тәрбие беруге, сондай-ақ құрмет, мейірімділік, жанашырлық пен қамқорлық сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Жоба жасөспірімдердің қоғамдағы өз орнын сезінуіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуына және саналы әрі қауіпсіз болашаққа бағытталған өмірлік ұстаным қалыптастыруына мүмкіндік берді.