#Қызылорда
ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Көрегенді адамның көпке берері де, үлгі болар ісі де жетерлік. Сондықтан кемел келешекке жарқын санамен бағыт алып, жөн сілтер көшбасшы алдыңғы аға буынның қатысуымен Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Көшбасшы мектеп жастары» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды.

Кездесуде «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы, Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің жетекшісі Р. Қаржаубайқызы, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, айтыскер ақын Н. Абдоллаұлы, Облыстық «Ақиқат» пікірсайыс клубының төрағасы А. Орынбасар қатысты.

Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін көшбасшылар мектеп оқушыларына тәлімді әңгімелерімен бөлісті.

Мамандықты дұрыс таңдаудың құпиялары мен сырларын, технология қарыштап дамыған сәттегі ғаламторды оң тұрғыда игеру, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрудің болашақтағы әсеріне тоқталып, жөн сілтеді.

Көшбасшы қай кезде де өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, осы сынды ортада болу, оң бағыт алып, іздену арқылы келеді.

Шарада бірлестік туралы толық ақпарат беріліп, алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырылып, бірлестіктің мақсаты мен міндетін айтып, өзге де мүдделі тараптарды бірлесе жұмыс жасау шақырылды, әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылу туралы ақпараттар берілді.

13.06.2023
#Қызылорда
ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ