#Қызылорда
РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика  күні мерекесіне орай «Отбасы – отанның тірегі!» атты мерекелік құттықтау акциясы өтті.

Акцияға қатысушы қала тұрғындарына филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы бірлестіктің миссиясы мен мақсаттары, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпараттар беріп, мерекенің маңыздылығын жеткізіп, қатысушыларды аталмыш мерекемен құттықтады.

Одан әрі бірлестік психологтары Сымбат Нұртазақызы мен Жұмакүл Тасболатқызы қала тұрғындары арасында ел тарихы мен Алаш зиялыларының өміріне қатысты викториналық сұрақтар қойып, белсенді болған қатысушыларға шағын сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ бірлестік филиалының кеңсе менеджері Нәбиден Маратұлы келушілердің көңіл-күйін көтеру мақсатында қала тұрғындарымен бірге патриоттық әндерді орындады.

Мереке аясында керемет көңіл-күй сыйлауға себепкер болған бірлестік филиалының ұжымына, ұйымдастырушыларға қала тұрғындары зор алғыстарын білдірді.

24.10.2023
#Қызылорда
РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ