Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласында орналасқан №47 орта мектепте «Саналы ата-ана, бақытты бала!» атты ата-аналармен кездесті. Аталған кездесуге Жамбыл облыстық филиалының директоры Дәурен Орайұлы спикер ретінде қатысты.
Кездесу барысында сөз алған Дәурен Орайұлы презентация арқылы «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізгі миссиясымен таныстырып, бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат екендігін ата-аналарға жеткізді. Аталған тақырып кеңінен талқыланды. Психолог маманның кеңесін алып, тренинг жүргізілді.