#Қостанай
ПРОБЛЕМАЛЫ АТА-АНАЛАРЫ БАР МЕКТЕППЕН ЖҰМЫС

Қостанай қаласының білім бөлімі басшысының ұсынысы бойынша «Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай облыстық филиалының басшысы Гүлжан Жақсылыққызы №14 мектебінің директоры Светлана Витальевнамен проблемалы ата-аналары бар мектептердің бірі ретінде кездесті.

Кездесу барысында филиал басшысы метептің тәрбие жөніндегі орынбасары мен психолог маманмен бірлесіп  ата-аналармен, мектеп қызметкерлерімен, оқушылармен жұмыс істеудің жалпы жоспарын талқылады.   

Басты мақсат – ата-аналарды бала тәрбиенің жаңа заманауи тиімді әдістерімен таныстыру, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын арттыру, балаларда мейірімділікті ояту. Балалар мен ата-аналар арасындағы достық және серіктестік қатынастарды нығайту.

24.09.2023
#Қостанай
ПРОБЛЕМАЛЫ АТА-АНАЛАРЫ БАР МЕКТЕППЕН ЖҰМЫС